«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық жетістікке жету жолдары

24.11.2023

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 23 қарашасында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабырғасында жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына көмек көрсету мақсатында «Тәлімгерлік - жас педагогтың кәсіби қалыптасуының тиімді әдісі» атты семинар өткізілді.

       Іс-шара аралас форматта өтті, колледждердің жетекші педагогтерінің семинары мен шеберлік сыныптарының тікелей трансляциясы өткізілді. «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша ашық сабақты 2019 ж. «Үздік педагог» атағының иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Б.Е. Батанасова ұсынды.

«Жас педагогтармен жұмысты ұйымдастыру» шебер сыныбын 2012 ж. «Үздік педагог» атағының иегері, педагог-шебер, арнайы пәндер оқытушысы, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің әдіскері Р.Т.Нарбаева өткізді.

2023 жылғы республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы, педагогика ғылымдарының магистрі, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы  Н.С.Редько «Заманауи сабақтың инновациялық технологияларының тиімді әдістері мен тәсілдерінің қоржыны» шебер сыныбын көрсетті.

Колледжге экскурсия ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Соңында қатысушылар аға әріптестеріне алғыстарын білдіріп, осындай кездесулер білім деңгейін толықтырып, тәжірибе жинақтап, алдына жоғары мақсаттар қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Семинар жұмысына 40-тан астам адам қатысты.

Просмотров: 1024


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст