Педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің үздік авторлық жобалары ағымдағы жылғы 7-8 желтоқсан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өткен конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.
Мәлімделген жұмыстардың тақырыптары оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтыды.
Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында біздің мұғалімдер жақсы нәтижелер көрсетті:
ІII дәрежелі дипломмен - Макарова Оксана Викентьевна (Степногорск қ. №4 «Болашақ» ОММИ) марапатталды.
Хасихан Еликтің (Бұланды ауданы), Гусенкова Светлана Евгеньевнаның (Бурабай ауданы), Устажанова Ляззат Амантаевнаның (Бұланды ауданы) жұмыстары грамоталармен марапатталды.