«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» облыстық семинар-практикумы

07.02.2024

 

"Біртұтас тәрбие"бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жылғы 2 ақпанда Шортанды кентінің №2 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Аталған іс–шараға білім бөлімінің әдіскерлері мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-психологтар,  тәлімгерлері  қатысты.

Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында «Еңбегі адал жас өрен», «Өнер мен құндылықтар», "Балалар кітапханасы", "Спорт және мен" бағдарламаларының ұлттық құндылықтары негізінде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, "Даналық мектебі" клубының қызметі талқыланды, үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие процесінің тиімділігі, сондай-ақ ашық сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, психологиялық тренингтер  ұлттық мүдде, рухани-адамгершілік құндылықтар мен оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктерге негізделген көрме ұйымдастырылды.

Семинар соңында осы бағыттағы жұмысты жалғастыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 909


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст