«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Функционалды Олимпті бағындыру" Онкүндіктің аяқталуы

22.02.2024

Білім басқармасының әдістемелік орталығы мен педагогикалық шеберлік Орталығының Көкшетау қаласының филиалы 2024 жылдың 12-21 ақпан аралығында "функционалдық Олимпті бағындыру" жалпы білім беретін мектеп педагогтары үшін функционалдық сауаттылық онкүндігін өткізді. Онкүндік аясында математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқу сауаттылығы күндері және шығармашылық ойлауды дамыту күні өткізілді. Спикерлер Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлер Мусина Айгүл Дәулетжанқызы, Пазылова Гүлмира Шойгаринқызы, Журба Лилия Витальевна және Ақмола облысының педагог - шеберлері мен зерттеушілері болды. Шебер сабақтарда спикерлер математикалық сауаттылық бойынша практикалық есептерді шешуді, физика бойынша функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларды орындау кезіндегі зерттеу қызметін; жаратылыстану және оқу сауаттылығы пәндері бойынша контекстік, пәнаралық, ситуациялық міндеттерді көрсетті.

Онкүндіктің нәтижесінде спикерлер жаратылыстану –математикалық және гуманитарлық цикл сабақтарында білім алушылардың танымдық қызметін жандандырудың ресурстарымен, әдістерімен бөлісті. Облыс педагогтері функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың теориялық негіздері мен негізгі принциптерін білді; оқу процесінде оқыту мақсаттарына сәйкес келетін және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды қалай құруға және қолдануға болатындығын білді

Осы онкүндікке облыстың 700 педагогы қатысты.

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст