«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімгерлік - жас педагогтің кәсіби қалыптасуының маңызды шарты

28.02.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталық қызметінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі  - жас педагогтермен жұмыс жүргізу.

2024 жылдың  21 ақпанында  Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінде жас мамандар үшін  «Мозаика мастер – класс» тақырыбында колледждердің жетекші педагогтерінің тәлімгерлік тәжірибесі алмасу бойынша облыстық семинар өткізілді. 

Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің математика оқытушысы, педагог-шебер, п.ғ.к., «Үздік педагог» атағының иегері Семкин А.В.  «Педагогтың ғылыми-зерттеу қызметі – кәсібилігін  арттыру факторы» тақырыбында  баяндама оқыды. Александр Владимирович  зерттеу жұмысы - заманауи ұстаздық қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ажырамас бөлігі екендігін әрі  мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға айтарлықтай әсер ететіндігі жайлы атап өтті. Басшының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Умарова А.Е. «Көкшетау қаласындағы құрылыс – технологиялық колледжіндегі жас педагогтердің тәлімгерлік тәжірибесінен» баяндамасында тәлімгер Б.М. Құсайынова мен М.Ж. Шалабаеваның тәжірибелері үздіктер қатарына жататынын айтты.

Семинардың жарқын сәттерін айтар болсақ,Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, «Үздік педагог» атағының иегері Н.С. Мукушева«Мектеп жасына дейінді балалары табиғатпен таныстыру жолдары» тақырыбы бойынша Құрылыс-технологиялық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының бірінші курс студенттеріне ашық сабақ өткізді.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің арнайы пәндер оқытушысы,педагог-шебер, облыстық «Үздік педагогикалық эссе» байқауының жеңімпазы Искендерова К. жас мамандардың қатысуымен «Қазақ әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында шеберлік сағатынөткізді.

Семинар соңында Құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша халықаралық сарапшысы Б.М. Құсайынова,   «Плиткамен қаптау» құзіреттілігі бойынша  халықаралық сарапшысы Р.К. Хамзин  Wordskills «Фристайл» конкурстық тапсырмасының «Фристайл» модулі - трафаретпен жұмыс» тақырыбында шеберлік сағатын  өткізді.

Семинар форматы жас педагогтерге аға әріптестерінің озық тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік берді. Семинар соңында қатысушылар алған білімдерінің практикалық маңыздылығын және оларды кәсіби қызметінде пайдалануға дайындығын атап өтті.

Семинарға 30-дан астам жас педагог қатысты.

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст