Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы және Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы бірлесе 2024 жылғы 12-21 ақпан аралығында «Функционалдық Олимпті бағындыру» жалпы білім беретін мектеп педагогтері үшін функционалдық сауаттылық бойынша онкүндігін өткізді.
Онкүндік аясында математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқу сауаттылығы күндері және креативті ойлауды дамыту күні өткізілді.
2024 жылғы 27 ақпан күні онкүндікті аяқтау қарсаңында зерттеу күні деп аталды, оның шеңберінде «Lesson Study» тәсілдерін педагогтердің тәжірибесінде қолдануды ғылыми – әдістемелік сүйемелдеу» облыстық семинар-практикумы өткізілді. Семинарға облыстың 17 білім беру ұйымдарының педагогтері, яғни «Зерттеуші ұстаз» жобасының қатысушылары шақырылды. Бұл Көкшетау қаласынындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Ақмола облысының білім басқармасының әдістемелік орталығының педагогтерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, сабақты бірлесіп жоспарлау, оқушылардың іс-әрекеттерін шынайы сабақта бақылау және талдау, сондай-ақ оқушылардың іс-қимыл нәтижелерін бірлесіп бағалау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған тағы бір бірлескен жобасы.
Бүгін семинар-практикумда педагогтер «Мектептегі сабақты зерттеу» бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, ал ПШО жаттықтырушылары «Сабақты зерттеуді іске асыру процесінде топ модераторының рөлі» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді. Семинарға қатысушылардың жұмысы ресми түрде емес, нақты және тиімді болды, тәжірибе алмасу мүмкіндігі қолданылды. Семинар ақпараттық және тәжірибеге бағдарланған сипатта болды.