Текст
Ақкөл қаласында «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының П.Исақов атындағы №1 жалпы орта мектебі» КММ базасында Бурабай, Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандары мен Степногорск қаласының әлеуметтік педагогтері үшін «Девианттық мінез-құлықтың алдын алу. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі мен әдістері» атты облыстық аймақтық семинар өтті. Семинар барысында әдіскерлер мен әлеуметтік педагогтерге білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтерге арналған тренинг өткізді.