«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру» облыстық семинары туралы

01.03.2024

2024 жылғы 28-29 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының бастамасымен облыстың арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған «Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру» семинары өтті. Арнайы педагогтарге семинар қатысушыларына білім басқармасының басшысы Ш. Ж. Оразалин және басшының орынбасары Б. Б. Дүйсенова құттықтау сөздерін айтты.

Семинар бағдарламасы бойынша фокус-топтардағы басшылар мен педагогтер «Нard және SOFT - дағдыларды педагогтердің даму шарты ретінде интеграциялау», «Мотивация педагог белсенділігін реттеу факторы ретінде», «Қазіргі педагог имиджі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру шарты ретінде», «Педагог қызметіндегі ғылым мен зерттеулер» және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. «Арнайы білім беру жүйесі педагогының кәсібилігін құрайтын» атты сессиясының фасилитаторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.У. Ибраев болды.

Кәсіби шеберлік конкурстарының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Көкшетау қ. №4 ОАМИ-ның дефектологы А. С. Сейлканова, Біржан сал ауданы Степняк қ. № 5 ППТК-нің логопеді Ж. Т. Бибулаева, №4 ОАМИ-ның тәрбиешісі А. А. Азкенова өз тәжірибелерімен бөлісті.

№ 2 және №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының педагог-психологтары Г.Ж. Еспанова және С.К. Шайсұлтанова семинарда қатысушылармен тренингтер өткізді.

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст