«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытындысы

06.03.2024

2024 жылғы 5-6 наурызда Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты-жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Ақмола облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары, сегіз жас белсенді педагог қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен - Әлімжанов Орынбек Қадыржанұлы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және Айкенова Мадина Темірболатқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы;

ІІІ дәрежелі дипломмен –Зайкенов Шамиль Амирович, Астрахан ауданы Астрахан ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі;

Ерекше жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен - Ыдырысов Қуандық Қуанышпекұлы, Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі; Сағатай Айдана Асқарқызы, Көкшетау қаласындағы Абай атындағы /қазақ тілінде оқытылатын/ дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі және Дәуренбекова Гүлден Ермолқызы, Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!

Просмотров: 858


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст