«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жылдың үздік психологы» байқауының республикалық кезеңі

06.03.2024

     2024 жылдың 4-6  наурызында Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті. Байқауға республиканың 17 облысы мен 3 қаладан  99 психолог қатысты. Ақмола облысы атынан Жарқайын, Біржан сал, Ақкөл, Бурабай, Жақсы аудандары мен  Көкшетау қаласының алты педагог-психологтары қатысты.

     Байқаудың негізгі мақсаты кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгеруді көрсететін дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру.

     Байқауға үш категория бойынша қатысты: еңбек өтілі 3 -5 жылға дейін, 5 -7 жылға дейін, 7 жыл және одан жоғары. Конкурс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Жарқайын ауданының «Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог – психологы  Манатов Аслан Айтжанович пен Жақсы ауданының Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог- психологы Фомина Ирина Дмитриевна марапатталды.

     III дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласының «Арман» бөбекжайы» МКҚК-ның педагог- психологы Козубаева Анар Екпіновна мен Бурабай ауданының «Дмитриевка ауылының негізгі орта мектебі» КММ- ның педагог – психологы Деш Наталья Константиновна, «Абай атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- ның педагог – психологы Госман Алия Канышевна марапатталды. 

     «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- ның педагог- психологы Естаева Балнур Сейтгалиевна жоғары жетістіктерге жеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Просмотров: 946


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст