2024 жылғы 29 ақпан- 7 наурызға дейін Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығында көркем еңбек және технология мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық ізденіс» облыстық (сырттай) педагогикалық шеберлік конкурсы өтті.
Облыстық кезеңге барлығы 75 педагог қатысты.
Байқаудың мақсаты: көркем еңбек және технология мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.
Байқау қорытындысы бойынша келесі педагогтер облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды және дипломдармен марапатталды:
1 орын «Сабақты әзірлеу» номинациясы бойынша -Бәйдолда Бахшагүл Целиноград ауданы Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
2 орын «Сабақты әзірлеу» номинациясы бойынша -Ижбулатов Борис Ишманевич, Жақсы ауданы Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
3 орын «Сабақты әзірлеу» номинациясы бойынша - Наталья Владимировна Киселева,Бурабай ауданы Щучинск қ. П. Морозов атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі.
1 орын «Жобалық қызмет» номинациясы бойынша Бехтгольд Марина Алексеевна, Зеренді ауданы Айдабол ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
2 орын «Жобалық қызмет» номинациясы бойынша Кужубаев Әлжан Бауыржанұлы, Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінің көркем еңбек мұғалімі;
3 орын «Жобалық қызмет» номинациясында Тасимова Ақерке Тәңірбергенқызы, Қосшы қ. мектеп-лицейінің көркем еңбек мұғалімі.
1 орын «Авторлық жұмыс» номинациясы бойынша Гаврилюк Светлана Валерьевна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
2 орын «Авторлық жұмыс» номинациясында Бәйдолда Бахшагүл Целиноград ауданы Қоянды а. № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
3 орын «Авторлық жұмыс» номинациясы бойынша Батракова Людмила Ивановна, Көкшетау қ. № 2 мектеп - лицейінің көркем еңбек мұғалімі
1 орын «Мұғалімнің шығармашылығы» номинациясы бойынша - Мұқанова Динара Харманова, Зеренді ауданы Васильковка а. негізгі орта мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
2 орын «Мұғалімнің шығармашылығы» номинациясында - Асмус Валерий Константинович, Астрахан ауданы Астрахан а. № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
3 орын «Мұғалімнің шығармашылығы» номинациясында - Макер Тұрысхан, Шортанды ауданы Новокубанка а. жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі.
Сонымен қатар педагогтер келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды:
«Креативті педагог» - Меренцова Ирина Евгеньевна, Көкшетау қ. № 8 жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
«Тапқыр педагог» - Серғазина Құралай Жатайқызы, Зеренді ауданы Викторовка а. жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
«Шығармашыл педагог» - Мухатаева Венера Қайырбекқызы, Степногорск қ. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек мұғалімі;
«Ізденімпаз педагог» - Қошеков Қуанышбек Батырбекұлы, Жақсы ауданы Жақсы а. № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің көркем еңбек мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!