«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған « Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» ұлттық ойындардың республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңі

19.03.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен ағымдағы жылдың 15 наурыз күні мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен мектеп жасына деінгі балалар мен ата-аналарының  қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»  атты республикалық байқауының (сырттай) облыстық кезеңі өткізілді. 

       Мақсаты: балалар  арасында  сәндік –қолтанбалы шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдеп-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру және танымал ету. Тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру  арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу.

       Сараптама комиссиясының шешімі бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздар орындары анықталды:

           - I орын- Ерейментау ауданының  «Болашақ» бөбекжайы;

          - II орын- Көкшетау қаласының «Нұр бала» бөбекжайы;

          - III орын-Атбасар ауданының   «Айголек» бөбекжайы

Келесі номинацияларға ие болғандар:

  • «Үздік шығармашылық идея»- Ақкөл ауданы «Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің» жанындағы шағын орталығы;
  • «Ең шынайы жұмыс»-Зеренды ауданы Бірлестік ЖОМ;
  • «Үздік композициялық шешім»-Сандықтау ауданының «Мирас» бөбекжайы;
  • «Тапқырлық пен шығармашылық ізденіс үшін»- Қосшы қаласы ЖШС  «Амина-2011» балабақшасы.

      Жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Просмотров: 797


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст