«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату

19.03.2024

2024 жылдың 15 наурызында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде облыстың ТжКББ ұйымдарының жетекші педагогтердің шеберлік сыныптарының мозаикасы дәстүрлі түрде өткізілді.

Бұл жолы дәстүрлі кездесу «Оқытудың тәжірибелік әдістерін пайдалана отырып, кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы жоғары білікті мамандарды даярлау» тақырыбына арналды. Семинарға қатысушылардың алдында колледж басшысы А. К. Еслямова құттықтау сөз сөйледі.

        Семинар-практикумның пленарлық отырысында  Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер  С. А. Амирова «Практикалық әдістердің кәсіби құзіретті маман даярлауда алатын орны» өзекті тақырыбы бойынша және Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледж басшысының оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша орынбасары Г.Ж. Калиева «Механика және металл өңдеу» бейіні бойынша  «Білім беру бағдарламасының мазмұны-студенттің кәсіби құзыреттілігінің негізі» тақырыбында баяндама жасады.

Облыстық семинар жұмысының практикалық бөлімінде ашық сабақ өткізіліп, үш шеберлік сағат көрсетілді.

Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Үздік педагог» атағының иегері, С.Б. Касымжанова Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттерімен «Педагогика» пәні бойынша өткізген ашық сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері, педагог-зерттеуші Н. А.Кузьминаның  «Қабырғаларды сәндік сылақтармен әрлеу» және педагог-сарапшы А. Н. Садуованың «Эстетикалық косметологиядағы практикалық әдістерді қолдана отырып, кәсіби құзыреттілікті дамыту» шеберлік сағаттарының қызықты тақырыбы мен шығармашылық тәсілі іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

          Семинардың қызықты кезеңдерінің бірі «Оқытуға арналған инновациялық кеңістік» тақырыбы бойынша  шеберлік сағатында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, педагог – зерттеушісі А.К. Мустафина сабақта интернет-ресурстарды пайдалану бойынша тәжірибесімен бөлісті.

         Семинар барысында педагогтер көрме аралап, құзыреттілік орталықтарына барды.      

        Іс-шара қорытындысы бойынша сауалнама жүргізіліп, семинар тәжірибе алмасу, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату алаңына айналғанын көрсетті.

         Семинар жұмысына 30-дан астам педагог қатысты.

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст