«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Үлгі ауылының жалпы орта мектебі» КММ базасында Бурабай, Бұланды, Біржан сал аудандары мен Степногорск қаласының педагог- психологтері үшін «Тұрақты өмірлік дағдыларды қалыптастыру- білім беру үдерісіне қатысушылардың әл-ауқатының факторы» атты облыстық аймақтық семинар өтті. Семинар барысында әдіскерлер мен педагог- психологтер білім беру ұйымдарындағы педагог- психологтерінің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету туралы мәселелерін талқылады.
Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар педагог- психологтермен позитивті ойлауды дамыту, оқушылар бойында тұрақты өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәсіби эмоционалдық стресс синдромының алдын алу, сонымен қатар педагогтердің психологиялық салауаттылығы бойынша тренинг сабақтары мен ойын жаттығуларды өткізді.