2024 жылғы 29 наурызда Google Meet платформасы арқылы онлайн режимінде "Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру" тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған алғашқы оқыту сессиясы басталды. Сессияны "Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы" КММ "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті"КЕАҚ математика, физика және информатика кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 100-ден астам қатысушы қатысты.
Оқыту сессиясының негізгі мақсаты-"Информатика"пәні мектеп курсын тиімді іске асыру үшін информатика мұғалімдерінің теориялық-әдіснамалық даярлығын арттыру және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Сессия барысында университет оқытушылары "Blender-де 3D модельдеу бойынша базалық курс", "Python бағдарламалау тіліндегі есептерді шешу", "Білім беру робототехникасы", "Scratch-те бағдарламалау" тақырыптары бойынша кіріспе трансляциясын өткізіп, бағдарламалық өнімдердің практикалық бөлігін көрсетті.
Кейінгі сессияларда лекторлар практикалық бөлімді тереңірек және егжей-тегжейлі көрсететін болады.