28-29 наурыз аралығында Астанада Оқу- ағарту вице-министрі Е.Оспан, балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Н.Оспанованың қатысуымен екі күндік оқыту семинары өтті. Комитет мамандары балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Семинарға қатысушылар бекітілген нормативтік- құқықтық актілермен және қолданыстағы құжаттарға жоспарланған өзгерістермен таныстырылды. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар, зорлық-зомбылыққа, буллинг және кибербуллингке ұшыраған немесе куәгер болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі әзірленді. Мектептің ішкі іс қағаздарын жүргізу тәртібін реттеу және аймақтық психологиялық қолдау орталықтарын құру бойынша әдістемелік ұсыныстар да таныстырылды. Семинар қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.