2024 жылдың 5 сәуірінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bolashak SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Құндылықтар негізінде тәрбие беру – заман талабы» республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өткізілді.
Ұйымдастырушы: Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы.
Іс-шарада Ақмола облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланады. Бұл бағдарламаның тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған.
Конференцияның міндеттері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесін дамыту және арттыру болып табылады. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ұлттық тәрбие мен оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастығын күшейту.
Конференцияның бірінші бөлімі 3 секциялық жұмысты қамтыды: ұлттық тәрбиенің белсенді формалары: дәстүрлер мен инновациялар, туған өлке тарихы-ұрпаққа мұра, білім беру ұйымын этномәдени құндылықтар негізінде басқарудың инновациялық тәжірибелері. Секция отырыстарында білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісінің мазмұнын ұлттық құндылықтар мен мәдениет-мүддені насихаттау, тарихи орындар, табиғи мұра мен көшпелі өркениет мұрасын зерттеу арқылы мектеп іргесінде тарихи-өлкетану жұмыстарын дамытудың өзекті мәселелері қаралады.
«Болашақ сарайы»-ның фойесінде республикалық конференция аясында «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында Қазақстандық имиджді қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен ұлттық мұраны дәріптеуге ықпал ету мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде аға буынды құрметтеу, ұрпақтар сабақтастығын көрсету, заманауи инновациялық жұмыстың формаларын көрсету идеясы іске асырылды. Көрме уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын насихаттап, рухани құндылық пен өмірлік ұстанымды, облысымыздың аймақтық халық шығармашылығының ерекшеліктері мен археологиялық қазба жәдігерлері мен киелі жерлерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеде ұрпақтар сабақтастығы бойынша материалдар (дәстүрлер мен инновациялар); оқу-тәрбие процесінде жас ұрпақтың ұлттық стиліндегі жұмысының инновациялық формалары; рухани-тарихи және этно-мәдени құндылықтарды сақтау мен дамыту жөніндегі материалдар; бейнематериал, тарихи және қасиетті орындардың карталары және т.б. ұсынылды.
Конференцияға Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының, Астана қаласының, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының әдістемелік орталықтарының, Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері, «Ұлттық құндылықтар академиясы» ҚБ басшысы, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, сынып жетекшілері қатысты.