«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық -гуманитарлық бағыты және жаратылыстану-ғылыми бағыты пәндерінің оқыту саласындағы педагог-шеберлердің үздік тәжірибелерін тарату

08.04.2024

"Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы" КММ-сінің іс – шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 желтоқсан мен 2024 жылғы 27 наурыз аралығында ҚГБ және ЖҒБ пәндерін оқыту саласындағы педагог-шеберлердің үздік тәжірибелері (функционалдық және оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалардың мазмұны) көрсетілді.

Мақсаты: функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесінің үздік инновациялық идеяларын тарату.

Аталған іс-шараға бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, химия, биология пәндерінің мұғалімдерінің 27 педагог-шебері келесі тақырыптар бойынша қатысты:

- Бастауыш мектепте оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары;

- Бастауыш мектепте математикалық сауаттылықты дамыту;

- Бастауыш мектепте жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру;

- Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;

- Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістері мен тәсілдері;

- Ағылшын және неміс тілдері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту;

-Математика сабақтарында білім алушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру. Көрсеткіштер мен мәселелер;

- Биология және химия пәндері бойынша тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды құрастыру және шешу.

           Педагог-шеберлер өз тақырыптарында жаңартылған білім беруде функционалдық сауаттылықты енгізу, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану жағдайындағы жұмыстың негізгі аспектілері туралы айқындап берді. Педагогикалық идеялармен, оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері, оқушылардың мотивациясы, монологтық және диалогтық сөйлеу туралы, өзін - өзі және өзара бағалауды дамыту әдістерімен бөлісті.

Просмотров: 628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст