2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерінің анықтау және таратуға бағытталған «үздік сынып сағатының әзірлемесі» облыстық байқауын өткізді.
Аталған конкурсқа 19 сынып жетекші қатысты, олар өздерінің ұсынылған конкурстық материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық өзіндік ерекшелігін, сыныптың тәрбие процесінің келешегі мен практикалық тәжірибелік маңыздылығын көрсетті.
«Үздік сынып сағатының әзірлемесі» облыстық сырттай байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Мейрам Кәмила Сүйіндікқызы, Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №1 ЖОББМ;
II орын – Мацулевич Марина Викторовна, Степногорск қаласы Ы.Алтансарин атындағы №1 ЖОББМ;
Жексенбаева Айсая Жанатовна, Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей;
III орын – Сартаева Салима Муратовна, Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының ЖОББМ;
Көпжасар Биязы, Целиноград ауданы Қоянды ауылының №1 ЖОББМ;
Акылова Бакыт Калеловна, Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы.
Облыстық конкурстың жүлделі орындарының иегерлеріне дипломдар, конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.