«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ХХІ ғасырдың заманауи сын-қатерлері:қазіргі әлемдегі тұлға денсаулығының психологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел

02.05.2024

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогика және психология кафедрасында «ХХІ ғасырдың заманауи сын-қатерлері: қазіргі әлемдегі тұлға денсаулығының психологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

        Бұл форумға Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, психологтары, әлеуметтік педагогтері қатысты. Қатысушылар 21 ғасырдағы адам денсаулығы психологиясы саласындағы заманауи проблемалар мен олардың шешімдері туралы өз көзқарастарын белсенді түрде ұсынды. Дөңгелек үстел барысында «Педагогикалық инноватика» зертхананың зерттеулеріндегі психологиялық-педагогикалық қызметтің басым бағыттары, жоғары сынып оқушыларының ересек өмірге психологиялық дайындығын дамыту мәселелері, эмоционалды интеллекттің дамуы мектеп оқушыларының оқу және әлеуметтік жетістіктерінің факторы ретінде, жасөспірімдердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған сабақтар кешені атты  тақырыптар қарастырылды.

        Мәселелерді қорытындылай келе, білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысында жаңа тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 903


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст