Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті білікті маман даярлау болып табылады. Еңбек нарығының қазіргі жағдайларындағы мамандарды даярлауда жаңа тәсілдерді, оқытудың неғұрлым тиімді әдістемелерін, оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдануды талап етеді
2024 жылдың сәуір айында Ақмола облысы колледждерінің 21 педагогы Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) қолдауымен «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған курстарда оқудан өтті. Мұғалімдер Scaffold карталарын білім беру процесінде қолдануды зерттеп, мұғалімнің жұмысын жүйелеуге, іс-шараларға дайындық процесін жеделдетуге, студенттердің сабаққа қатысуын жандандыруға көмектесетін құрал екенін түсінді.
Курстардың қорытындысы бойынша 2024 жылы 3 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығымен облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды, оған колледж әдіскерлері, облыстық әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, курс тыңдаушылары қатысты. Семинарға қатысушылар модераторлардың басшылығымен төрт блокта құзыреттер талқыланды: кәсіпкерлік құзыреттер, жеке, әлеуметтік құзыреттер, тұрақты даму саласындағы құзыреттер, цифрлық құзыреттер.
Семинар-практикум Көкшетау қаласы,Жоғары техникалық колледжінің қабырғасында өтті. Модераторлар Касымжанова Сымбат Бауржановна, Щучинск қ. Жоғары педагогикалық колледжінің басшысының оқу жұмысы орынбасары, Ткачук Кристина Сергеевна, Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің әдіскері, Серикбаев Заманбек Махмутович, Катарколь а. Ауылшаруашылық колледжінің басшысының тәрбие жұмысы орынбасары, Нуржаксина Айдана Газизовна, Степногорск қ. Жоғары колледжінің оқытушысы, Асылбекова Нурсулу Уалихановна, Мустафина Ардак Карымсаковна, Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары, олар тыңдаушыларға қол жетімді түрде карточкалардың практикалық қолданылуын түсіндірді.
Қатысушылардың келесі міндеті-өз ұйымдарында практикалық жұмысты жүргізу және ашық сабақтарды дайындау кезінде Scaffold карталарын қолдану бойынша жұмысты бастау.