«Біртұтас тәрбие» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 16 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы дарынды педагогтарды қолдауға, тәрбие жұмысы жүйесіне инновациялық педагогикалық идеяларды енгізуге бағытталған «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйелерінің панорамасы» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Аталған байқауға директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты, олар өздерінің ұсынылған конкурстық материалдарында кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық өзіндік ерекшелігін, тәрбие процесінің келешегі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.
«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйелерінің панорамасы» облыстық сырттай байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде - Әбдірайымова Айнұр Асхатқызы, Аршалы ауданы Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.
I орын – Жартанова Акмарал Кайроллиновна, Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі.
II орын – Бажиева Гульбану Аманбаевна, Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын – Холғанат Дәнекер, Астрахан ауданы Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
III орын - Тохтамурат Ермекбол, Шортанды ауданы Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын - Алпыспаева Нурия Тлеуленовна, Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі;
III орын - Идрисова Әсемгүл Рашидовна, Біржан сал ауданы Бұланды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.