«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы 17 мамыр күні өткен Целиноград ауданындағы облыстық семинар

21.05.2024

Ақмола облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 17 мамырда "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Оқу үрдісін басқару тиімділігі – бағалауды дұрыс ұйымдастыру" атты облыстық семинар өтті.Семинардың бірінші бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Д.К. Сарина, ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Д. Е. Иманбаева, математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Г. С. Рахымбекова, қазақ тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж. Т. Байсеркеева ашық сабақтар өткізді. Әрі қарай, Целиноград ауданы бойынша "Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ мұғалімдері Г.М. Мұханбетжанова, К. М. Достанбаева, А. Ж. Какина «Бақылау мен бағалаудың оқушының дамуына әсері» атты коучинг өткізді. Педагог - зерттеушілер Қожабекова Г. Ж. мен Қызыр Назгүл  «Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығы» шеберлік сыныбына шақырды."Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ педагогтары Ш. Е. Рахымбекова мен Л. С. Асқарова «Бағалау – оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекетінің нәтижесі» атты қызықты ток-шоу және «Қоянды ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогы С. Зандыбай    9-сынып оқушылары арасында «Мектептегі баға – болашақтағы жетістіктің көрсеткіші емес» тақырыбында пікірталас өткізді. Критериалды бағалау бойынша өзекті мәселелерді талқылауға Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, Қосшы қаласының 60 педагогы қатысып, сындарлы пікірлер мен ұсыныстар енгізді. Семинарға қатысушыларға жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, пікір алмасуға мүмкіндік берілді. Педагогтер жүргізілген жұмыс сапалы білім беруді арттырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде критериалды бағалауды одан әрі іске асыруда нәтижелі болатынына сенім білдірді.

Просмотров: 1284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст