Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық (сырттай) байқаудың облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.
Аталған байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың балалардан құралған би топтары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер мен номинация иегерлері анықталды:
Ортаңғы топпен ересек топтан – «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК;
Мектеп алды топ пен сыныптан – «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Арман» №4 балабақшасы» МКҚК;
«Көрермен көзайымы» номинациясы - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК;
«Көркем орындау шеберлігі» номинациясы - «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК;
«Хореографиялық бейім» номинациясы - «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз.