«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби шеберлік конкурстары-педагогтердің біліктілігін арттыруға ынталандыру

30.05.2024

Педагогтердің кәсіби шеберлік конкурстары кәсіпті дамытудың және оның әлеуметтік мәртебесін арттырудың сенімді және жақсы сыналған құралы болып табылады.

Ақмола облысында құзыретті, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау бойынша колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында конкурстар бірінші жыл емес.

2024 жылдың сәуір-мамыр айларында колледж педагогтері арасында   13 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті.

 Байқауға 79 педагог қатысты. Айта кету керек, бұл конкурстар республикалық конкурстар мен олимпиадалардың тізбесіне енгізілген және педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін болады.

Алғаш рет Атбасар қаласындағы аграрлық-индустриялық колледжде «Дәнекерлеу жұмыстары»  құзыреттілігі бойынша, көпсалалы инновациялық колледжде «AgroSkills» бағытының бойынша конкурс өтті.

2024 жылдың қазан-желтоқсан айларында республикалық конкурстар өтеді, онда біздің облысымыздың атынан Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің, Құрылыс-технологиялық колледжінің, Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен шеберлері қатысады.

Сондай-ақ, алғаш рет «Шаштараз өнері», «Жылу энергетикасы», теміржол саласы бойынша республикалық конкурстар өткізілетін болады.

Құрылыс, инженерлік, тау-кен металлургия саласы, агрономия, ветеринария, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер саласы, инженерлік графика және спорт, білім беру бойынша құзыреттер дәстүрлі болып қала береді.

Кәсіби шеберлік конкурстары оқытушыларға өздерінің шеберліктері мен дағдыларын тағы бір рет растауға, басқалардың тәжірибесін көруге және өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 3064


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст