«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағалалы Жоғары агротехникалық колледжі базасында колледж оқытушыларының әдістемелік бірлестіктерінің жиналысы өтті

03.06.2024

Қоғамда орын алып жатқан өзгерістер мамандар даярлау мәселесінде кәсіптік білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыру және сапалы кәсіби даярлықты қамтамасыз ететін құралдардың біріне айналатын студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметі колледждердегі оқу процесін жетілдіру бағыттарының бірі болып саналады.

2024 жылғы 31 мамырда Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде оқытушылар мен директордың оқу және оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасарларының әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өтті, бірлестік жұмыстарына қатысушылар колледждердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелерін талқылап, жобалық іс-әрекетке оқытушылар мен студенттерді тарту тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға колледж студенттері де қатысып, «Егістікті үш фазалы жинау әдісі», «Биокамин – тұрғын үй экологиясы», «Дирижабль – экотуризмнің болашағы» және т.б. жобаларымен таныстырды.

Колледж басшыларының орынбасарлары көтерген халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық, жаңа мамандықтарды енгізу сынды мәселелер – кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудағы өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ, орынбасарлар WorldSkills Aqmola облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарын айтты.

Іс-шара аясында Жоғары агротехникалық колледж оқытушылары Аккушкаров Д., Қожахметова К. және Махамбетова М. Scaffold карталарын қолдану арқылы практикалық интенсив өткізді, семинарға барлық қатысушылар белсенді қатысты. Әдістемелік бірлестіктердің қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдады.

Просмотров: 3044


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст