«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында республикалық семинар

26.06.2024

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 наурыздағы ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында берілген тапсырмасына сәйкес «Жаңартылған Біртұтас тәрбие» бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламада білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы шеңберіндегі ұйымдастырылатын іс-шаралар мен жобалардың өткізілетін деңгейлері мен уақыттары, жүзеге асырушы жауапты тұлғалар көрсетілді. Министрлік Бағдарламаны жаңа оқу жылынан яғни 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарына (бала бақшалар, мектептер, колледждер) енгізуді жоспарлап отыр.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасын сапалы  және нақты орындау мақсатында, ағымдағы жылдың  19-21 маусым аралығында Астана қаласында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның базасында республикалық семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының тәрбие бөлімінің басшылары, Әдістемелік орталықтардың директорлары, тізімде көрсетілген тренерлер қатысты.

Семинар барысында  білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері,  тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, құндылықтар декомпозициясы, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасы іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар мен іс-шаралардың жоспары, сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды.

Семинарға қатысушылар 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын әзірледі, әріптестік ортада талдап, өзара бағамдау кері байланыс орнатып, түзетулер енгізді. Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау мен оны жүзеге асыруда қандай проблемалар болуы мүмкін және оларды қалай шешуге болатындығы туралы өзара кері байланыс жасады.

 

Просмотров: 4951


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст