«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын нығайту» тақырыбында өңірлік семинар

26.06.2024

2024 жылдың 25 маусымында  Көкшетау қаласы  «Bolashak saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-сі  «Өркен» балалардың әл ауқатын арттыру ұлттық ғылыми- практикалық институтымен  бірлескен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын нығайту» тақырыбында өңірлік семинар өткізді.

Семинар мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту мен педагогтердің психологиялық-тәжірибелік құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді.  Семинарға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері мен директордың тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер қатысты.

Семинарда қазақстандық отбасының имиджін қолдаудағы мектептің маңыздылығы мен рөлі туралы мәселелер көтерілді, саралау және даралау қағидаттары негізінде ата-аналармен ағарту жұмысындағы  жаңа тәсілдер қарастырылды. Педагогтер "Ата өсиеті", "Әже даналығы", "Аға қамқоры", "Жеңге кеңесі" секциялары жұмыс істейтін "Даналық мектебі" отбасылық клубтарының жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде отбасы мен мектептің өзара іс-әрекеті кезінде ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен  өзара тәжірибе алмасты.

Просмотров: 3621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст