«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Өнімділік тәсілдерін дамыту қызметі бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі» тақырыбында өңірлік семинар-пра

27.02.2018

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 23 ақпан күні Егіндікөл ауданында «Өнімділік тәсілдерін дамыту қызметі бастауыш сынып оқушылыраның функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі» өңірлік облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін іске асыру үшін жағдай жасау.

Семинарға Егіндікөл, Астрахан, Қорғалжын, Целиноград әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың алдында №1 және №2 орта мектептер бойынша экскурсия жүргізілді. Мектеп оқушыларының жұмыстары бойынша көрме, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Ж.К. Тұрсынбекова сөз сөйледі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мемлекет басшысының 2018 жылғы халыққа жолдауында жолдаудың негізгі міндеттері жөнінде айтылды.

Семинардың бірінші бөлімінде Қорғалжын ауданы Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Игібаева Л.О., Егіндікөл ауданының №2 орта мектебінің Кашапова Д.И., Харченко В.В. №1 орта мектебінің Нұрхамит Н.Н., Баязова Г.Ж. бастауыш сынып мұғалімдері орыс тілі, әдебиет, сауат ашу, математика, және дүниетану пәндерінен сабақтар өткізді. Сабақта келесі оқыту әдістері қолданылды: сөйлесу, көрнекілік, практикалық, оқытуды дамытатын әдістер. Келесі технологиялар енгізілді: 7 модульдік, ойын технологиясы, оқытуды дамытатын, ынтымақтастыққа оқыту. Сабақта көрнекілік, ғылымилық, қол жетімділік принциптері іске асырылды. Педагогтердің пікірінше, барлық қойылған міндеттер, топтық және дербес жұмыс формалары жүзеге асырылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану сабақты жан-жақты етті. Оқушылар белсенді жұмыс істеді.

Семинардың екінші бөлімінде Егіндікөл ауданы №2 орта мектебінің Савицкая Н.А., №1 орта мектебінің Бекбаева А.Н., Астрахан ауданы Астрахан ОМ Қойбағарова А.С., Өтениязова А.А., Витвицкая В.П.; Целиноград ауданы №9 орта мектебінің Пивторак Т.И., Байтикова А.А. Целиноград ауданы №41 орта мектебінің педагогтары сынып шебері, коучингтар көрсетті.

Баяндамашылар тыңдалып, бастауыш білім берудің дамытудың негізгі бағыттары, мәселелері мен тенденциялары талқыланып, қатысушылар пікірлерімен бөлісті. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сертификаттары берілді.

Просмотров: 753


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст