2018 жылғы 23-25 ақпан күндері Ақкөл ауданының Енбек орта мектеп-балабақшасы, Киров негізгі мектебі, Краснобор негізгі мектебі, Одесса орта мектептеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс тобы төмендегі құрамнан құрылды: облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің директорының орынбасары Г.Б.Кушпаева, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Кажигалиева Ш.Қ, Ақкөл аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.К.Садвакасова, М.Горький атындағы мектеп-балабақшасының директоры Л.И.Ершова, №2 Ақкөл ОМ оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Л.В.Волкова.
Әдістемелік күннің мақсаты - білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеуді, педагогтар мен мектеп әкімшілігі үшін өзекті мәселелерге жауап алу мүмкіндігін іске асыру.
Жұмыс қорытындысы бойынша мектепте оқу-тәрбие процесін жүйелі іске асыру үшін білім беру ұйымдарының қызметін заңнамалық-құқықтық құжаттарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша ұсыныстар берілді.