Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №2 бұйрығының негізінде 9 қаңтар мен 19 ақпан аралығында мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті оқыту «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» атты облыстық (сырттай) байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне интерактивті – коммуникациялық технологияларын енгізу.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: I кезең-аудандық (қалалық) және II кезең - облыстық. Байқауға Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 10 ауданнан 15 педагог қатысты.
Байқаудың қорытындысында Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинеті атынан жеңімпазға және жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар берілді.
Степногорск қаласы №2 «Балдырған» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Ботагөз Байкешқызы Қалайдарова – Бас жүлде дипломымен және 50 000 теңге сертификатымен марапатталды.
Көкшетау қаласы «Өркен» балабақшаның тәрбиешісі Ольга Нурпашевна Мальцева және ағылшын тілі пәні мұғалімі Диляра Мукатовна Жанбаева - I дәрежелі диплом және 40 000 теңге сертификаты табыс етілді.
Жақсы ауданы К. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Наталья Васильевна Дорофеева - ІІ дәрежелі диплом және 30 000 теңге сертификаты табыс етілді.
Біржан сал ауданы Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Нұргүл Сағидоллақызы Кудеренова - III дәрежелі диплом және 20 000 теңге сертификатын қанжығасына байлады.
11 педагогқа Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің атынан байқауға белсенді қатысқан үшін сертификаттар берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және педагогтарға шығармашылық табыс тілейміз!