Текст
2018 жылғы 12-14 ақпан күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Астрахан ауданы Акимовка негізгі мектебіне, Камышенка және Новоколутон орта мектептеріне әдістемелік көмек ұйымдастырылды.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері педагогикалық ұжыммен әзірленген құжаттаманы және әдістемелік материалдарды зерттеді.
Әдіскерлер педагогтердің қойған сұрақтарына жауап берді, мектеп құжаттамаларын жүргізу бойынша кеңестер берді.
Мектепте оқу-тәрбие процесін жүйелі іске асыру үшін білім беру ұйымдарының қызметін заңнамалық – құқықтық құжаттарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша ұсыныстар берілді.