Бүгінгі күні мектептің келбеті үдемелі өзгеруде. Бұл аң алғашқы кезекте, қазақстандық білім саласында болып жатқан салиқалы өзгерістерге байланысты. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында: «Информатизация ғасырында қалайша оқыту керек?», «Білім сапасын қалайша арттыруға болады, сабақта алған білім оқушыға бәсекелестікке қабілетті болуға көмектесе ала ма?» деген сұрақтар туындауда.
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәселесінің басты көздеген мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
2018 жылдың 14 ақпан күні Атбасар қ. № 5, № 7 ОМ- де жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын 5-ші, 7-ші сыныптардың мұғалімдеріне арналған облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинарға қазақ тобында 25 және орыс тобында 29 мұғалім қатысты. Семинар бағдарламасы практикалық (ашық сабақтар) дөңгелек үстел түрінде, талқылау арқылы өткізілген теориялық бөлімнен құралды.
Сонымен қатар семинарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау проблемалары, формативті бағалау тиімділігі, суммативті бағалауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оқушының табыстылығын бағалау критерийлері белгіленді және кері байланыс орнату бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Семинар барысында мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар берілді.