2018 жылғы 1-12 ақпан аралығында Ақмола облысының білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті. Онкүндік барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. 9 ақпанда барлық білім беру ұйымдарында «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан», «Кәусар бұлақ – тұнығынан», «Доброта – солнце, согревающее сердце человека», «Қызыққа толы бұл әлем», «Утро радостных встреч» және т.б. тақыптарда «Өзін-өзі тану» сабақтары өткізілді. Сонымен қатар суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар көрмелері, балалар арасында әндік фестивальдар мен конкурстар, театрланған қойылымдар мен спектакльдер, мәтінді мәнерлеп оқу байқаулары, жоғары сынып оқушылары арасында патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы дебаттар өтті.
«Өзін-өзі тану» онкүндігінде оқушылар бұл бағдарламаның қажеттілігін, өзіңдік балалық шақтан тану керек екенін, сонда ғана үлкен өмірге қадам жасаудың оңай болатынына көздерін жеткізеді. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасы жақсы көруге, мейірімділікке, қайырымдылық жасауға тәрбиелейді.