Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 8-9 ақпан күндері Есіл ауданының мектептерінде әдістемелік күндер өтті.
Әдістемелік күннің мақсаты: құжаттарды талаптарға сәйкес дұрыс және толық жүргізілуін анықтау, басқарушы кадрларға әдістемелік көмек көрсету.
Аудандық мектептерге бару, мектеп әкімшілігімен әңгімелесіп оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскерлеріне мектеп ұжымдары мемлекеттік білім беру стандартын қаншалықты саналы түрде іске асыратынын, ол үшін әрбір білім беру мекемесінде қандай жағдай жасалғанын бағалауға, жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды көруге, сондай-ақ қазірдің өзінде облыстық деңгейде таратуға болатын озық тәжірибені анықтауға мүмкіндік берді.
Әдістемелік көмек көрсету диалогтық алаңдар нысанында белсенді түрде өтті. Нормативтік – құқықтық база, Күнделік КZ электрондық журналды толтыру, тарифтеу жөніндегі мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтар бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар көрсете отырып түсініктемелер берілді.
Ковыльненская орта мектебінің Директоры Зеленко Н.С.: «Біз үшін жалпы білім беруді жаңғырту бойынша Кешенді іске асыру аясында мамандардың біздің мектептерде атқарылған іс-шаралар жөнінде айтқан пікірі өте маңызды. Әрбір мектепте және әрбір балаға ең қолайлы жағдай жасау үшін әлі де қандай жұмыс істеу қажет екені бізге одан да маңызды. Сондықтан мұндай әдістемелік күндер барлық мектеп ұжымына жағдайға тағы талдау жасап, талап ететін мәселелерді шешу үшін өте қажет» деп атап өтті.
Әдістемелік күндер Есіл аудандық басқарушылық және педагогикалық қызметінің жұмыс тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берді.