2018 жылғы қаңтар айында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің басшысы С.С.Сералина жұмыс тобымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына барып әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырды.
2018 жылғы 8 ақпанда Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің негізінде басшының оқу және оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-практикум өтті. Жұмыс барысында семинарға қатысушылар білім беру ұйымының кадр, оқу-өндірістік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Тыңдаушылар мен баяндама жасаушылар арасында жанданған сұхбат болды. Кожаков А.М., Тулешева Ш.Д., Ахметова К.Д., Шакубаева С.А. семинарға қатысушылардың сұрақтарына барынша толық қамтылған жауаптар берді.
Семинар нәтижесінде қатаң есептілік құжаттарды, оқу жұмыс жоспарларын, оқу үрдісінің кестесін жүйелеу және жүргізу бойынша ұсыныстар қабылданды.
Семинарға қатысушылар нақты семинардың өзектілігі мен уақыттылылығын атап өтіп, осындай семинарларды жоспарлы түрде өткізіп тұру туралы тілектерін білдірді.