Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес білім берудің өзекті мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018 жылғы 29-30 қаңтар күндері Шортанды ауданының жалпы білім беретін мектептептеріне әдістемелік іс- сапар ұйымдастырылды.
Жұмыс тобы келесі құрамда құрылды: облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Кушпаева,әдіскерлерМ.М.Төлегенова,Ж.Қ.Даниярова. Шортанды ауданындағы мектеп директорларының орынбасарлары А. И. Мартынова В.В.Кравчук, Д.М.Шоманова, С.С.Ахмеджанова Бозайғыр және Институт орта мектептерінің педагогикалық ұжымына тәжірибелік көмек көрсетті.
Жұмыс тобымен білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық актілер бойынша құжаттар қаралды, жұмыс және үлгілік оқу жоспарлары, сабақ кестесін құру, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмысы,қатаң есептілік құжаттар, мектепішілік бақылау, педагогикалық кеңес және т. б.құжаттар бойынша кеңес берілді.
Мектеп жұмысы бойынша барлық құжаттар істер номенклатурасына сәйкес қаралды. Берілген ұсыныстар мектеп әкімшілігінің назарына алынды.