Қазіргі Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған жаңа білім жүйесі қалыптасып келеді. Бұл үдеріс педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие процесінің тәжірибесінде елеулі өзгерістер арқылы жүзеге асырылуда. Заманауи жағдайда педагог оқу үдерісінің жаңашыл инновациялық тәсілдерін қолдана білуі қажет.
Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында заманауи білім беру бағытында нақты міндеттерді атап өтті. "...Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту.
2017 жылғы желтоқсан айында Ақмола облысы бойынша колледждердің 11 педагогы шет елдерде тағылымдамадан өтті: 5 педагог –Ұлыбританияда, 3 - Малайзияда, 2 - Финляндияда, 1 - Чехияда. Педагогтарымыз өзге елде тұру тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауды үйренді. Бағдарлама арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне жалпы еуропалық критерийлерге сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіруге бағытталған.
Оқыту аясында тыңдаушыларға кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын зерттеу мақсатында таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Біздің педагогтар - жаңа білім беру моделін қалыптастыруда белсенді қатысушылары болып табылады.