«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті оқыту бойынша «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі

12.01.2018

Ақмола облысы білім басқармасының

«Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ

2018 жылғы « 10 » ___01___

№___2__ бұйрығына

1 қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдарда интерактивті оқыту бойынша

«Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар»

облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу

ережесі

Жалпы ережелер

Осы Ереже «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» облыстық байқауын ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Байқау).

Байқауды Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің 2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді.

Байқау мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне интерактивті-коммуникациялық технологияларын енгізу.

Міндеттері:

- Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру жүйесіне интерактивті технологияларды енгізуді ынталандыру;

- оқыту-тәрбиелеу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыруға ықпал ету;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтарына көмек ретінде электронды оқу-әдістемелік құралдардың қорын құру;

- жоғары кәсіптік деңгейге қол жеткізу үшін шығармашыл педагогтарды қолдау;

- білім беру үдерісінде интерактивті жабдықты (ИЖ) қолдануды енгізу және көпшілікке тарату.

Байқауға қатысуды ұйымдастыру

Байқауға қатысу үшін кандидат толтырылған сұранысты (1-қосымша), ActivInspire бағдарламалық жабдықтамада (БЖ) орындалған флипчарт-сабақ жиынтығының әзірлемесін (Байқау жұмысы) өткізуі тиіс. Байқауға тек 1 флипчарт жиынтығы ұсынылады.

Байқау кезеңдері және мерзімі

Байқау екі кезеңмен өткізіледі:

І кезең аудандық (қалалық) 2018 жылғы 09 қаңтардан 2018 жылғы 29 қаңтарға дейін.

ІІ кезең облыстық 2018 жылғы 05 ақпаннан 31 ақпанға дейін.

Аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

Байқау материалдары және тапсырыс Ұйымдастыру комитетіне 2018 жылдың 02 ақпанан кешіктірмей zhanara_umk@mail.ru электронды поштаға және мына мекен-жайға: Көкшетау қаласы, Сатпаев 1Б, (7 кабинет) жіберіледі.

Анықтама телефоны: 8 (716 2) 25-78-33

Флипчарт-сабақты бағалау критерийлері:

1. Флипчарт-сабақтың ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖББС талаптары мен жалпы білім беретін бағдарламаларына сәйкестігі.

2. Интерактивті тақтаға арналған оқу материалдарын және оны осы саладағы педагогикалық құзыреттілігін құруда педагогтың шығармашылығын көрсетуі.

3. Флипчарт-сабақты дайындау барысында ActivInspire БЖ қызметі мен түрлі құралдарды қолдану қажет.

4. ActivInspire құралдары мен қызметі әдістемелік дұрыс және креативті қолданылуы.

5. Флипчарт-сабақтың безендіру стилі өзіндік қызықтылығы мен сабаққа сәйкестігі.

6. Мәтіннің, суреттің, анимациялық нысанның, бейне және т.б. орналасуы баланың қабылдауына әсерлілігі және әдістемелік дәлелдігі.

Флипчарт-сабақты бағалау параметрлері:

- мазмұнның қойылған мақсатына сәйкестігі;

- ұсынылған материалдың ерекшелігі, идеясы;

- орындалған жұмыстың кәсібилігі;

- қолданылған құралдар саны және оның мақсаттылығы;

- материалды ұсыну қолжетімділігі;

- балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері;

- көрнекіліктігі;

- қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.

Флипчарт-сабағын рәсімдеу тәртібі:

- құрастырушы;

- тобы;

- тақырыбы;

- өткізу формасы;

- мақсаты және міндеттері;

- сұрақтар және тапсырмалары;

- сабақ барысы (ұйымдастырылған оқу әрекеті);

- дидактикалық материалдар;

- шығармашылық тапсырмалар;

- интернет-ресурстар.

Жұмыс талаптары:

1. Байқауға қазақ, орыс тілдерінде жасалған, авторлары көрсетілген флипчарт-сабақтар қабылданады.

2. Байқау жұмыстары электронды тасымалдауышта: CD- немесе DVD-дискіде қабылданады (мекеме атауы және қатысушысы жазылған бір жұмыс бір тасымалдауышта).

3.Байқауға ұсынылған үздік жұмыстар Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-і http://oumk.akmoedu.kz/ сайтына орналастырылады.

4.Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

5. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары еңбек өтілі және біліктілік санатына қарамастан қатыса алады.

6. Осы талаптарға сай емес жұмыстар қабылданбайды.

Көрсетілген мерзімнен кеш түскен материалдар, қабылданбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1.Сұраныс (1-қосымша);

2.Аудандық және Степногорск, Көкшетау ққ. білім бөлімдерінің байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша сараптау комиссиясының шешімі (көшірмесі) (білім бөлімінің басшысымен бекітілген);

3.Флипчарт

Марапаттау:

Байқаудың облыстық кезеңінде жүлделі орындар тағайындалады:

1) Гран-при -«Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» - 50 000 мың тенге;

2) І орын - «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» - 40 000 мың тенге;

3) ІІ орын - «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар»- 30 000 мың тенге;

4) ІІІ орын - «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» - 20 000 мың тенге.

Облыстық кезеңін жеңімпаздары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдармен, сертификаттармен марапатталады.

Просмотров: 1284

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст