«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылы Ақмола облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары жөнінде ақпарат

03.01.2018

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және үш тілде білім беруді дамыту аясында 2017 жылы Ақмола облысының 7593 педагогі біліктілігін арттыру курстарында білімін арттырды, оның ішінде 5394 адам Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында және Көкшетау қаласы педагогикалық шеберлік орталығында (2815 – БАИ, 2579 – ПШО) білім берудің жаңартылған бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру курстарында білімін арттырды.

Оның ішінде 44 адам жалпы білім беретін ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, бастауыш сынып мұғалімдері – 1030, қазақ – 518, ағылшын – 212, орыс тілі – 297, география – 116, тарих – 268, физика – 146, биология және жаратылыстану – 135, химия және жаратылыстану – 145, математика – 312, информатика – 159, дене шынықтыру – 365, мектеп директорларының - 283, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары - 289, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары - 283, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері - 40, мектеп жаттықтырушы – 752.

1463 педагог қысқа мерзімді және деңгейлік біліктілігті арттыру курстарында білімін арттырды.

•ББЖКБАРИ базасында – 268 адам: менеджментті жетілдіру бойынша - 226 директор, мектеп директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері – 30, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша- 7 педагог, қосымша білім беруді дамыту бағыттары бойынша – 5 мұғалім;

•БАИ базасында – 821: 434 - мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкері, 110- қосымша білім беру педагог, 20 - алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы- оқытушы, 97- инклюзивті білім беруді дамыту бойынша, 120 - робототехника бойынша, 40 – мемлекеттік тілді үздіксіз деңгейлік оқыту стандартын іске асыру жағдайында біліктілікті арттыру курстары.

Деңгейлік курстар – 374 адам:

•БАИ базасында «Сабақта адамзаттық құндылықтар» тақырыбы бойынша 50 өзін-өзі тану мұғалімі (III деңгей);

•ПШО 138 педагог – «Мұғалімнің педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша (I деңгей), 67 мұғалім «Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы» (ІІ деңгей), 119 мұғалім (47 – ПШО, 72 – БАИ) «Тиімді оқыту» тақырыбы бойынша (III деңгей).

ЖМБ пәндердің (физика, информатика, химия, биология) тілдік курстарында 660 педагог және 76 ағылшын тілі мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2018 жылы ЖМБ "Физика", "Инфоматика", "Химия", "Биология" пәндерінің 40 пән мұғалімі және 38 ағылшын тілі мұғалімі оқуын жалғастыруда.

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст