30 пилоттық мектептің мектепалды даярлық сыныптарында және 30 мектепке дейінгі ұйымның топтарында «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 20-23 қараша аралығында Целиноград ауданы «Балауса» б/б, «Аялы-Ай» б/б, Бұланды ауданы Никольск ОМ, С. Сейфуллин атындағы № 5 көпбейінді мектеп-лицейінің базасында Әліппе бойынша оқыту әдістемесімен таныстыру мақсатында ата-аналарға арналған ашық сабақтар өткізілді.
Сабақтарға әдіскерлер, ата-аналар, ата-аналар комитетінің төрағалары, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері және жалпы білім беретін мектептердің мектепке дейінгі сынып мұғалімдері. Жалпы саны 45 адам қамтылды.
Сабақта көрнекілік, қол жетімділік принциптері іске асырылды.
Барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді, топтық және жеке жұмыс түрлері іске асырылды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, дидактикалық материалдарды қолдану сабақты әртүрлі етті. Тәрбиеленушілері сабақтарда белсенді жұмыс істеді.
Сабаққа қатысқан қонақтар балалар мен оқытушыларға алғыстарын айтып, өз тілектерін жазып қалдырды.