«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы бойынша пилоттық мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында және мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында «Әліппе» оқулығы мен ОӘК апробациядан өткізу бойынша ақпарат

29.12.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» № 556 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №392 бұйрығына сәйкес және Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 7 тамыздағы №272 бұйрығының негізінде «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша 2 пилоттық мектептің және 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрамында 2 мектепалды сыныбының тізімі бекітілді.

Апробацияға кірді:

- Целиноград ауданы «Балауса» балабақшасы, орыс тілінде оқытылатын 1 мектепалды даярлық тобы (25 бала), «Алматы кітап» баспасының оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізіледі.

- Целиноград ауданы «Аялы-ай» балабақшасы, қазақ тілінде оқытылатын 1 мектепалды даярлық тобы (25 бала), оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізіледі.

- Степногорск қаласы С. Сейфуллин атындағы №5 КМЛ, қазақ тілінде оқытылатын 1 мектепалды даярлық сыныбы (25 бала), «Шикула» баспасының оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізіледі.

- Бұланды ауданы Никольск орта мектебі, орыс тілінде оқытылатын 1 мектепалды даярлық сыныбы (15 бала), «Шикула» баспасының оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізіледі.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагоогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында а.ж. 25 - 29 қыркүйек аралығында 5 педагог «Әліппе» әдістемесі бойынша 36 сағаттық қысқа мерзімді курстан өтті. ҚР БҒМ мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізу бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының іс-шаралар жоспары әзірленді. Пилоттық білім беру ұйымдары толық көлемде Әліппе пәні бойынша ОӘК: жұмыс дәптерлерін, дидактикалық және үлестірмелі материалдарын, қосымша әдебиеттерді, үй жұмысының дәптерлерін, әдістемелік құралдарын алды. ОӘК апробациялау бойынша жұмыс «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі, мамандары әдістемелік көмек көрсетеді.

Жергілікті жерлерде педагог-сынақтан өткізушілермен кеңес берілді, сондай-ақ, балаларды оқу мен жазуға үйрету, Әліппені оқытуда ата-аналардың рөлі, балаларға Әліппені оқыту әдістемесімен таныстыру мақсатында ата-аналарға арналған ашық сабақтарды өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақтар сабақ кестесіне сәйкес аптасына 2 сағаттан өткізіледі. Әліппе оқулығының мазмұнын балалардың меңгеруі деңгейінің бастапқы диагностикасы жүргізілді. Әліппені апробациядан өткізу бөлімдері Ақмола облысының интернет-ресурстарда орналастырылған. Мектеп және балабақшалардың әкімшілігі, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері әдістемелік көмек көрсетеді. Жоспарланған іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Әліппені апробациядан өткізу бойынша жұмыс әлі де жүргізілуде.

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст