2017 жылғы 22 желтоқсан күні Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептердің математика пәні мұғалімдері үшін облыстық семинар – практикум өтті.
Семинарға Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Сандықтау аудандарынан 28 мектеп мұғалімі қатысты.
Семинар барысында PISA халықаралық зерттеу жүргізу аясында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, PISA халықаралық зерттеулер контекстінде функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау және тапсырмаларды шешу мәселелері талқыланды.Семинар – практикум жоғары деңгейде өтті.