Жаңартылған білім беруді жүзеге асыру табыстылығы қазіргі кезде уақыт талабында туындаған жаңа білім беру стандарттары бойынша жаңа білім беру кеңістіктерінде педагог жұмысқа қаншалықты дайын екеніне байланысты. Өзінің педагогикалық мәртебесін арттыру үшін жағдай жасау және педагогты ынталандыру нысандарының бірі болып кәсіби шеберлік конкурстары табылады.
Конкурстық іс-шаралар - өзін және өз қызметін таныстыру нысаны өзін-өзі жетілдіруге қабілеті ретінде. Конкурсқа қатысу жаңа жағдайда, инновациялық аспектіде педагогтың әлеуетін ашады. 2017 жылғы 13-14 желтоқсан күндері «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында (Алматы қ.) «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті. Фестивальға Аршалы, Бурабай, Целиноград аудандарынан және «Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп- интернатынан 13 мұғалім қатысты.
Жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Ақмола облысының ұстаздары бар екенін атап өтуге болады:
2 дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы Ақмол ауылы № 5 ОМ технология және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдигапарова Назима Закирьяновна; Бурабай ауданы Щучинск қаласы № 2 ОМ химия және биология пәнінің мұғалімі Куценко Наталья Юрьевна; Аршалы ауданы Константиновка ОМ тарих пәнінің мұғалімі Ерофеев Сергей Васильевич марапатталды.
3 дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы Ақмол ауылы № 5 ОМ ағылшын тілі мұғалімі Жунусова Светлана Васильевна; Аршалы ауданы Центральный ОМ тарих пәнінің мұғалімі Раменский Дмитрий Николаевич марапатталды.
Грамоталармен Целиноград ауданы Ақмола ауылы № 5 ОМ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Илларионова Ирина Николаевна; Бурабай ауданы Щучинск қаласы №2 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Деменчук Светлана Сергеевна марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және кәсіби табыстар тілейміз!