«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.12.2017

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау, тарату және жинақтау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 14 желтоқсан күні Бурабай ауданы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің педагогикалық инновация вернисаж- семинары өтті. Семинарда аудандардың 27 педагогы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинарды қорыта келе мұғалімдер аудан мұғалімдеріне арналған семинар жоғары деңгейде өткенін айтып өтті, сондай-ақ осындай семинарларды жүйелі түрде өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

Озық педагогикалық тәжірибе жөніндегі семинарды өткізу қорытындысы бойынша жұмыстың негізгі бағыттар айқындалды:

- озық педагогикалық тәжірибені диагностикалау;

-озық педагогикалық тәжірибе жұмысының жүйесі: озық педагогикалық тәжірибе жүйесін зерттеу, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, ақпараттық-педагогикалық модульді құру;

- педагог-инноваторлардың жеке және кәсіби жетістіктерінің портфолиясын құру;

- тәжірибенің тұтас сипаттамасы;

- тәжірибені тарату: конференциялар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттар, педагогикалық оқулар;

- озық педагогикалық тәжірибе бойынша деректер банкін құру.

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст