«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру " семинары туралы

14.12.2017

Көкшетау қаласы № 1 құрылыс-техникалық колледжінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру " облыстық семинар-кеңес өтті.

Кеңеске Ақмола облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Қуандықова А.А.; Көкшетау қ. ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Зейнуллин С. П.; облыстық дене тәрбиесі, спорт және бастапқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының директоры Яковенко В. Л.; "Шаңырақ" ҚҚ төрағасы Ракушев Б.У.; білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің басшысы Садвакасов Б. С.; білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие бөлімінің басшысы Степанова Н.С.; облыстық оқу-әдістемелік кабинеті тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Қажығалиева Ш.К.; Ақмола облысы колледж директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Ақмола облысы ІІД және Көкшетау қ. ІІБ өкілдерімен Ақмола облысының колледж студенттерімен жасалған құқық бұзушылықтары туралы мәліметтер ұсынылды. Директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына бұл мәселені ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты, құқық бұзушылықты алдын алу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, ТжКББ ұйымдарында спорт секцияларын дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша әлеуметтік-тұрмысы төмен отбасылардың және ювеналдық полиция қызметінің есебінде тұрған балаларды үйірмелер мен секцияларда жұмыспен қамтуды және қоғамдық-пайдалы қызметке тартуды арттыру, облыстың әрбір колледжінде әскери-патриоттық клубтарды құру және жұмыс істеуі, студенттік өзін өзі басқару органдарының жұмысын жандандыру,сондай-ақ іс-шараларды БАҚ, әлеуметтік желілерде, колледждердің сайтында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст