Астана қ. «НұрОрда» мектеп-лицейінің базасында Министр Е. К. Сағадиевтың «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдерімен кездесуі өтті.
Ақмола облысынан үш мұғалім қатысты: Шакенова Сәуле Аманжолқызы, Көкшетау қ. №17 ОМГ химия пәнінің мұғалімі, Атаева Баян Булатхановна, Көкшетау қ. № 6 ОМЛ информатика пәнінің мұғалімі, Артықбаев Алмас Назарович, «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі, қазірдің өзінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибелері бар.
Кездесуде бірқатар мәселелер талқыланды: химия, биология, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуға ата-аналар мен оқушылардың көз-қарасы, мұғалімдерді тіл курстарында даярлау сапасы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА көптілде әдістемелік құралдар шығару.
Диалог алаңы ағылшын тілінде өтті. Ағылшын тілінде оқыту және әрбір мектепте тілдік ортаны құру мәселелері бойынша қызу диалог болды.