Ақмола облысы білім басқармасы және Ақмола облысының ішкі істер департаменті салауатты өмір салтын сақтау принциптерін қалыптастыру, шылым қоспаларын, синтетикалық есірткілерді қолданудың зиянды әсерлері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ жасөспірімдерді есірткі ортасына тартуды алдын алу мақсатында 2017 жылғы 8 желтоқсан күні облыстық аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының базасында онлайн режимінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларды жаман әдеттерга қарсы тұруға, салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
Сабақта ІІД ЕКБ бөлімінің бастығы Жапбасов Мейрам Берікбайұлы, Ақмола облыстық наркологиялық оңалту орталығының психологы Молодовская Наталья Анатольевна сөз сөйледі. Қатысушылар саны - 2000-нан астам оқушы.