Ақмола облысы білім басқарамасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 46 бұйрығының негізінде ағымдағы жылғы 16 қарашадан 5 желтоқсанға дейін Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары арасында «Отаным-тағдырым» атты (сырттай) облыстық эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббатын, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борышы, Отан алдындағы борышын, педагогтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру, педагогтің шығармашылық әлеуетін қолдау,оның мәртебесін қалыптастыру.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: І-кезең- аудандық (қалалық) және ІІ кезең- облыстық. Байқауға Степногорск, Көкшетау қалаларынан және 14 ауданнан 60 педагог қатысты.
Байқауыдың қорытындысында Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинеті атынан қатысушаларға дипломдар мен сетификаттар берілді.
Бас жүлде иегерлері:
Көкшетау қ. №2 «Жұлдыз» балабақшаның тәрбиеші А.М. Рсаева; Бұланды ауданы Макинск қаласындағы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Н.В. Лигостаева
1 орын иегерлері:
Астрахан ауданы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Г.Г. Болдырева;
Степногорск қ. С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі С.М. Кушкумбаева
2 орын иегерлері:
Бурабай ауданы «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі М.М Мейрамбаева;
Есіл ауданы «Карлыгаш» бөбекжайының тәрбиешісі В.В. Гах;
Сандыктау ауданы №1 Балкашин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі И.А. Кобзева;
Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.А.Белоусова
3 орын иегерлері:
Аршалы ауданы «Солнышко» балабақшасының тәрбиешісі Н.Е. Хасенова;
Шортанды ауданы «Гүлдер» бөбекжайның тәрбиешісі А.Т. Лесбаева;
Жақсы ауданы «Дән» балабақшасының тәрбиешісі А.С. Капасова;
Аршалы ауданы И. Құтпанұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.З. Байгаскинова;
Жаксы ауданы Рентабельная орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Т. Хусаинова;
Көкшетау қаласының №21 орта мектеп- лицейінің бастауыш сынып мұғалімі А.Б. Абылкасова
Байқауға белсенді қатысқан 46 педагогқа Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің атынан сертификаттар берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және педагогтарға шығармашылық табыс тілейміз!