«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды жұмыс кәсіптері мен мамандықтары бойынша оқыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» облыстық семинар-дөңгелек туралы ақпарат

30.11.2017

Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2017 жылғы 28 қараша күні Көкшетау қаласы Красный Яр селосы № 3 агротехникалық колледжінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды жұмыс кәсіптері мен мамандықтары бойынша оқыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Ақмола облыстық мәслихаттың депутаттары, Аймақтық кәсіпкерлер Палатасының, Сорос-Қазақстан Қоры, Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстағы ТжКББ ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Ө.Ибраевпен ұсынылған ақпарат бойынша Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды құру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы іске асыруды бастады.

Ұсынымдар ТжКББ ұйымдардан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардан, оның ішінде біздің облыстан келіп түскен тиісті ұсыныстарды ескере отырып әзірленді.

ТжКББ ұйымдарына оқуға қабылдау Үлгілік қағидалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдық тізбесі, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидалары және т.б. сияқты маңызды нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы М.Х.Тоқсанбаев 2014-2017 ж. Ақмола облысының ТжКББ ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар жөніндігі мәліметтермен таныстырып өтті. Ақмола облысының колледждерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар санының ұлғаюына назар аударды.

Талқылауға қатысқандар: облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ төрағасы В.Л. Шиманский, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Мащинская Е.И., «Сорос-Қазақстан» Қорының «Баршаға арналған қоғам» бастамасының Үйлестірушісі С.А.Каликова, Көкшетау қ. № 1 құрылыс-техникалық колледжінің әдіскері А.К. Сембаева.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар ТжКББ ұйымдарына, Ақмола облыстық кәсіпкерлер Палатасына және т. б. құрылымдарға бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылдады.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст